Бүгінгі тазалық — ертеңгі ұрпаққа қалдырар аманат

сурет: ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасының маңызын бүгінгі күнмен ғана өлшеуге болмайды. Оның негізгі нәтижесі болашақ ұрпақтың қандай ортада өмір сүретінімен байланысты. Табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, жасыл желекті көбейту, қоршаған ортаны ластамау және елді мекендерді таза ұстау — келешекке жасалған инвестиция деп ойлаймын.

Бүгін отырғызылған бір ағаш бірнеше жылдан кейін көлеңке беріп, ауаны тазартып, адамдарға жайлы орта қалыптастырады. Бүгін дұрыс қалыптасқан бір әдет ертең тұтас қоғамның мәдениетіне айналуы мүмкін. Сондықтан тазалыққа қатысты жұмыстардың тәрбиелік мәні де зор. Балалар үлкендердің табиғатқа қалай қарайтынын көріп өседі, сол әрекеттерді өздерінің күнделікті өміріне енгізеді.

Мен үшін «Таза Қазақстан» — таза табиғат, таза қала және таза аула ұғымдарынан әлдеқайда кең түсінік. Ол адамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін, қоғам мүшелерінің өзара сыйластығын және болашақ алдындағы міндетін біріктіреді. Елдің көркеюі үлкен өзгерістерден ғана емес, әр адамның күн сайын жасайтын қарапайым жақсы әрекеттерінен басталады.

 

Ж.МЕРТАЙҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT