Білімді ұрпақ тәрбиелеу мен ғылыми ортаны қалыптастыру — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Қазіргі қоғамның дамуы білім мен ғылымның сапасына тікелей байланысты. Сондықтан жастардың сапалы білім алып, ғылыми ізденіске бет бұруы мемлекет үшін ерекше маңызға ие.
Білім беру жүйесін жетілдіру, ғылым мен инновацияны дамыту арқылы елдің зияткерлік әлеуеті артады. Бұл өз кезегінде экономиканың дамуына, жаңа технологиялардың енгізілуіне және қоғамның өркендеуіне ықпал етеді. Білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ — мемлекеттің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының кепілі.
Айгүл АДИЛОВА,
Зинеден ауылдық округінің әкімі

