Бір сілтеменің ар жағында — үлкен қауіп

сурет ғаламтордан

 

Қазіргі заманда интернет өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда оның мүмкіндігімен бірге түрлі қауіптер де көбейді. Интернет алаяқтары адамдардың сеніміне кіріп, жалған хабарламалар, қоңыраулар мен сілтемелер арқылы жеке мәліметтерін немесе ақшасын алуға тырысады. Сондықтан цифрлық сауаттылық бүгінгі қоғам үшін қарапайым білім емес, қауіпсіздік құралына айналды.

Меніңше, интернетте «маған ештеңе болмайды» деген сенім ең қауіпті қателіктің бірі. Бейтаныс адам жіберген сілтемені ашпау, банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және құпия мәліметтерді ешкімге бермеу қажет. «Тез ақша табасың», «жүлде ұтып алдың» немесе «шотың бұғатталды» деген күмәнді ұсыныстарға бірден сенуге болмайды.

Интернеттегі қауіптен қорғанудың ең мықты жолы — асықпай ойлану және ақпаратты тексеру. Бір сәттік сақтық кейде үлкен қаржылық шығын мен құқықтық мәселеден қорғайды. Сондықтан цифрлық әлемде де «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстану — әр азаматтың жауапкершілігі.

 

Н.ЕРБОЛҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT