Табиғат — бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келешек ұрпақтың да ортақ байлығы. Осы тұрғыдан алғанда, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы болашақ алдындағы жауапкершілікті терең түсінуге шақырады.
Егер біз қоршаған ортаны ластап, табиғи ресурстарды орынсыз пайдалансақ, оның зардабын келесі ұрпақ тартуы мүмкін. Сондықтан балалар мен жастарға табиғатты аялауды ерте жастан үйрету маңызды. Мектептерде экологиялық жобаларды көбейту, ағаш отырғызу дәстүрін қалыптастыру және қалдықтарды сұрыптауды үйрету арқылы жақсы әдеттерді дамытуға болады.
Менің ойымша, нағыз экологиялық жетістік — бір күндік тазалық шарасы емес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын жауапты көзқарас. Табиғатты сақтау арқылы біз еліміздің жарқын болашағына үлес қосамыз.
Ж.АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ



