Мемлекет басшысының 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қоюы – ел өміріндегі маңызды тарихи шешім. Бұл қадам – мемлекет тағдырына қатысты мәселелерді халықтың тікелей қатысуымен шешудің нақты көрінісі.
Жаңа Ата Заң жобасының алдын ала жарияланып, кең талқылауға ұсынылуы – ашықтық пен демократия қағидаттарының айғағы. Азаматтардың ұсыныс-пікір білдіруі қоғамның саяси белсенділігін көрсетеді. Бұл Конституцияның барша халықтың қатысуымен дайындалған құжат екенін аңғартады. Жаңа Ата Заңның түпнұсқасының қазақ тілінде жазылуы мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтып, ұлттық құндылықтардың заңдық тұрғыда бекітілуіне жол ашады.
Жаһандану, цифрландыру және жасанды интеллект дамыған заманда құқықтық жүйенің жаңаруы – заңды үдеріс. Қоғамдық қатынастардың өзгеруі жаңа құқықтық негіздерді талап етеді. Жаңа Конституция мемлекеттік басқаруды жетілдіріп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Заң үстемдігі орныққан жерде әділдік салтанат құрады.
Салауат МЕҢДІҒАЗИЕВ,
Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі



