Буллинг – адамның ар-намысына, психологиялық және эмоционалдық жағдайына кері әсер ететін өзекті мәселелердің бірі. Ол мектепте, жоғары оқу орындарында, жұмыс орнында және әлеуметтік желілерде де кездесуі мүмкін.
Буллингке ұшыраған адам өзіне деген сенімін жоғалтып, қоғамнан оқшаулануы ықтимал. Сондықтан мұндай әрекетке бейжай қарамай, оның алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Әрбір адам өзгеге құрметпен қарап, сыйластық пен мейірімділікті басты құндылық ретінде ұстануы қажет. Буллингсіз орта қалыптастыру арқылы біз қауіпсіз әрі достыққа негізделген қоғам құра аламыз.
Ж.МАНСЫРОВА


