Нарын ауылында орналасқан Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектебінің базасында 5-6 сынып оқушылары арасында «Жасөспірім және жауапкершілік» тақырыбында профилактикалық жиын өткізілді.
Жиын барысында:
- балалар қауіпсіздігі,
- зорлық-зомбылықтың алдын алу,
- буллинг және кибербуллинг,
- жол қозғалысы қауіпсіздігі,
- құқықтық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, оқушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтау, оның ішінде кесетін және үшкір заттарды білім беру ұйымына алып келмеу қажеттігі ескертілді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

