Әділдік бар жерде — үнемі сенім бар

ашық дереккөзден

 

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының негізгі мәнін әділдік пен өзара сенімнен көремін. Қоғамда әр адамға оның әлеуметтік жағдайына немесе қызметіне қарамастан, заң талаптары бірдей қолданылуы маңызды. 

Өйткені әділдікке сенген азамат өз құқықтарын қорғауға және қоғам алдындағы міндеттерін орындауға ұмтылады. Мысалы, қандай да бір мәселе туындағанда, оны күшпен немесе таныстық арқылы емес, заңды жолмен шешу мәдениетін қалыптастыру қажет. 

Сонымен қатар, әр адам өз пікірін еркін білдіріп, өзгенің көзқарасына құрметпен қарауы керек. Менің ойымша, заңның күші тек оның талаптарында емес, сол талаптардың әділ орындалуында. Әділдікке негізделген тәртіп халықтың мемлекетке және бір-біріне деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

 

Ж,ЖҰМАЖАНОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT