Әділдік бар жерде – сенім бар

ашық дереккөзден

 

Менің ойымша, әділдік пен заң бір-бірімен тығыз байланысты. Қоғамда әр адамның құқығы қорғалып, барлығына бірдей талап қойылған жағдайда халықтың мемлекетке деген сенімі артады. 

Әділдік тек сотта немесе заң орындарында ғана емес, күнделікті қарым-қатынаста да көрініс табуы керек. Мысалы, біреуді алаламау, өзгенің еңбегін бағалау және шындықты айту – әділ қоғамның негізі. Сондықтан заңның басты мақсаты жазалау ғана емес, әділдікті орнату және азаматтардың құқығын қорғау деп есептеймін.

 

Ж.БЕРЖАНОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT