Әділдік бар жерде – сенім мен тұрақтылық бар

ашық дереккөзден

 

Әділдік пен тәртіп – қоғамдағы бейбіт өмірдің маңызды шарттары. Адамдар өз құқықтарының қорғалатынына, заңның баршаға бірдей қолданылатынына сенген кезде мемлекетке деген құрметі артады. Заң мен тәртіп қағидаты әр азаматтың әлеуметтік жағдайына, жасына немесе қоғамдағы орнына қарамастан, заң алдында тең екенін түсіндіреді. Бұл ұстаным адамдар арасындағы сенімді нығайтып, қоғамда жауапкершілік пен әділдік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Менің ойымша, әділ қоғам қалыптастыру үшін әр адам өзінен бастауы қажет. Біреуге қысым көрсетпеу, дау-дамайды күшпен емес, заңды жолмен шешу, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау және өзгенің пікірін құрметтеу – тәртіпті қоғамның негізгі белгілері. Сонымен бірге құқық бұзушылықтың алдын алу үшін азаматтар заң талаптарын біліп, заңсыз әрекеттерге бейжай қарамауы керек. Тәртіп дегеніміз тек шектеулер жиынтығы емес, ол – адамның өзіне және айналасындағыларға деген жауапкершілігі. Заң әділ қолданылып, азаматтар оны саналы түрде құрметтегенде ғана қоғамда тұрақтылық пен өзара сенім нығаяды.

 

Г.ӨТЕУ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT