Әділдік бар жерде заңға деген сенім нығаяды

ашық дереккөзден

 

Қоғамда заңға деген құрмет қалыптасуы үшін заң талаптары барлық адамға бірдей қолданылуы қажет. Адамның қызметіне, әлеуметтік жағдайына немесе таныстық байланыстарына қарамастан, әркім өз әрекетіне жауап беруі тиіс. Сонымен қатар азаматтардың құқықтары қорғалып, заңды мәселелерін әділ жолмен шешуге мүмкіндігі болуы маңызды. 

Егер адамдар әділдікке сенсе, олар заңды айналып өтуге емес, заң аясында әрекет етуге ұмтылады. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидаты жауапкершілікпен қатар ашықтықты, адалдықты және өзара сенімді де қамтиды. Заң үстемдігі сақталған елде азаматтар өздерін қауіпсіз сезініп, болашаққа сеніммен қарай алады. Бұл — құқықтық мәдениеті жоғары қоғам құрудың маңызды негізі.

 

Н,ДАРХАНҰЛЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT