Әділдік пен тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілі

ашық дереккөзден

 

Мен үшін заң мен тәртіп ұғымы тек құқық қорғау органдарының қызметімен шектелмейді. Бұл — әр азаматтың қоғамдағы мінез-құлқынан көрінетін ортақ жауапкершілік. Адам өз құқығын білгені сияқты, өз міндетін де білуі қажет. Себебі құқық пен міндет бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы, әр адам қауіпсіз ортада өмір сүргісі келсе, өзі де қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосуы тиіс. 

Заңды білу азаматқа өз мүддесін қорғауға мүмкіндік береді, ал заңды құрметтеу басқа адамдардың құқықтарын бұзбауға үйретеді. Қазіргі заманда жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңызы ерекше. Жасөспірім заңды неғұрлым ерте түсінсе, өз әрекетінің салдарын соғұрлым жақсы бағалай алады. Сондықтан заң мен тәртіпті күшейту тек жазалау арқылы емес, құқықтық білім беру, түсіндіру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру арқылы жүзеге асуы керек.

 

Ш.БАТЫРБЕКҰЛЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT