Әділдік үстемдік құрған жерде тәртіп берік болады

ашық дереккөзден

 

Менің ойымша, заң мен тәртіптің басты мақсаты — адамдарды шектеу емес, олардың қауіпсіз әрі әділ қоғамда өмір сүруіне жағдай жасау. Заң талаптары барлық адамға бірдей қолданылғанда, азаматтардың мемлекетке деген сенімі артады. Ал әділетсіздікке жол берілген жерде заңға деген құрмет әлсіреуі мүмкін. Сол себепті әрбір құқық бұзушылыққа заң аясында баға беріліп, әр азаматтың құқығы қорғалуы маңызды. 

Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуі керек. Өз міндеттерін білетін және әділдікті бағалайтын жас ұрпақ қоғамның дамуына үлес қосады. Нағыз тәртіп қорқыныштан емес, әділдікке деген сенімнен қалыптасады. Сондықтан заңды сақтау мен әділдікті қорғау — әрбір азаматтың ортақ міндеті.

 

Г.ТУЛЕГЕНОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT