Әділет пен тұрақтылықтың айғағы

 

Жаңа Конституция – Қазақстандағы саяси жаңғырудың, заң үстемдігінің және азаматтардың мемлекет ісіне белсенді араласуының берік негізі. Бұл құжат ел дамуының стратегиялық бағытын айқындап қана қоймай, қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді нығайтады.

Конституция – құқықтық мемлекеттің тірегі. Ол барлық заңдардың бастау көзі ретінде әділдік пен тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Заң үстемдік құрған жерде тұрақтылық орнығып, азаматтардың мемлекетке деген сенімі арта түседі. Ал сенім бар жерде даму бар. Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтереді. Әрбір адамның өз пікірін еркін білдіруге, еңбек етуге, білім алуға және заңды түрде өз мүддесін қорғауға толық мүмкіндігі бар. Бұл – демократиялық қоғамның басты қағидасы. Құқығы қорғалған азамат ел болашағына бейжай қарамайды, керісінше оның өркендеуіне өз үлесін қосуға ұмтылады. Сонымен қатар, Конституциялық өзгерістер әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін береді. Жаңа реформалар экономиканың өсуіне, халықтың әл-ауқатының жақсаруына жол ашады. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары құрылып, білім мен ғылым, медицина саласы дамып, елдегі өмір сапасы арта түседі. Ол әділетті, ашық әрі жауапты басқару жүйесін қалыптастырып, елдің болашағын жарқын етуге бағытталған маңызды қадам.

 

Нұргүл КАБУЛОВА,
аудандық аурухана басшысының міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT