Заң мен тәртіп туралы сөз болғанда, менің ойымша, ең маңызды ұғымдардың бірі — жауапкершілік. Себебі заңды білу жеткіліксіз, оны күнделікті өмірде орындау қажет. Адам өз әрекетінің салдарын түсініп, қабылдаған шешіміне жауап бере алғанда ғана қоғамда шынайы тәртіп қалыптасады.
Әділетті қоғам құру тек құқық қорғау органдарының немесе мемлекеттік мекемелердің міндеті емес. Әділеттілік әр адамның ісінен басталады. Біреуге жала жаппау, әлсіз адамның құқығын таптамау, өз міндетін адал орындау,сіресе жас ұрпақ үшін заң мен тәртіптің маңызын түсіндіру маңызды. Себебі бүгінгі жас — ертеңгі қоғамның мүшесі. Егер бала кезінен әділдікке, адалдыққа және жауапкершілікке тәрбиеленген ұрпақ қалыптасса, болашақта заңды құрметтейтін, өз құқығын білетін және өзгенің құ заңсыздыққа немқұрайлы қарамау — азаматтық жауапкершіліктің нақты мысалдары.
Әсіресе жас ұрпақ үшін заң мен тәртіптің маңызын түсіндіру маңызды. Себебі бүгінгі жас — ертеңгі қоғамның мүшесі. Егер бала кезінен әділдікке, адалдыққа және жауапкершілікке тәрбиеленген ұрпақ қалыптасса, болашақта заңды құрметтейтін, өз құқығын білетін және өзгенің құқығына қол сұқпайтын азаматтар көбейеді.
Меніңше, заң — қоғамның ережесі болса, тәртіп — сол ережені өмірде жүзеге асыратын мәдениет. Ал жауапкершілік осы екеуін байланыстыратын негізгі құндылық.
Ж.ҚЫЛЫШ



