Әділетті қоғам – заң үстемдік еткен қоғам

ашық дереккөзден

 

Заң мен тәртіптің ең маңызды мақсаты – әділетті қоғам қалыптастыру. Себебі заң алдында барлығы тең болуы тиіс. Адамның лауазымына, байлығына немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан, әркім заң талаптарын орындауы қажет. 

Сонымен қатар азаматтар өз құқықтарын біліп қана қоймай, өз міндеттерін де ұмытпауы керек. Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру да маңызды деп есептеймін. Өйткені өз құқығын білетін, заңды құрметтейтін ұрпақ – елдің сенімді тірегі. Әділеттілік орнаған жерде халықтың мемлекетке деген сенімі де нығаяды.

 

Айқын ҚЫДЫРБОЛАТ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT