Заң мен тәртіп қағидатының басты мақсаты — азаматтардың құқығы қорғалатын, әр адам өзін қауіпсіз сезінетін қоғам қалыптастыру. Менің ойымша, бұл бағытта жас ұрпаққа құқықтық сауаттылықты үйретудің маңызы зор.
Жастар өз құқықтарын біліп қана қоймай, өзгенің де құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуі керек. Кез келген мәселені күшпен емес, заңды жолмен шешуге дағдылану — өркениетті қоғамның белгісі. Заңды білетін, әділдікті бағалайтын және жауапкершіліктен қашпайтын ұрпақ елдің жарқын болашағына негіз болады.
М.ТАЛҒАТҰЛЫ



