Әділетті қоғам құру үшін заң алдында барлық азамат тең болуы және әр адамның құқығы қорғалуы қажет. Заң мен тәртіп адамдардың бір-біріне деген сенімін арттырып, қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі.
Менің ойымша, әділеттілік тек заң талаптарын орындаумен шектелмейді, ол адамгершілік пен адалдықты да қамтиды. Біз өзгелердің пікірін құрметтеп, әлсіздерге қолдау көрсетіп, қандай жағдайда да адал болуға ұмтылуымыз керек.
Әр азамат заңды сақтап, әділдікке үлес қосса, еліміздің болашағы жарқын болады. Заңды білу, тәртіпті сақтау және әділ болу – әрбір азаматтың маңызды міндеті.
Ш.БАТЫРБЕКҰЛЫ



