Әділетті қоғамға бастар жол

 

Ақордада өткен маңызды жиында Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға қол қойып, ел өміріндегі тарихи шешімдердің бірі жүзеге асты. Бұл – бүкіл халықтың таңдауымен қабылданған, мемлекет дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды қадам. Жаңа Ата заң – елдің болашағына бағытталған, қоғамның сұранысы мен уақыт талабынан туындаған құжат.

Конституция – кез келген мемлекеттің іргетасы, ел өмірінің негізгі бағыттарын айқындайтын басты құжат. Сондықтан жаңа Ата заңның қабылдануы – қоғамның жаңаруына, мемлекеттік басқару жүйесінің жетілуіне және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға жол ашатын маңызды қадам. Халық еркімен қабылданған бұл құжат ел дамуының жаңа кезеңін бастап, әділетті әрі жауапты қоғам қалыптастыруға негіз болмақ.

Жаңа Конституцияның «Халық Конституциясы» деп аталуында да терең мән бар. Өйткені бұл құжат – ел азаматтарының ортақ таңдауы мен сенімінің нәтижесі. Референдум арқылы халық өз болашағына бейжай қарамайтынын, мемлекет тағдырына жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті. Мұндай шешімдер қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтып, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға серпін береді.

Мемлекет басшысы атап өткендей, жаңа Конституция 1 шілдеден бастап өз күшіне енеді. Ал 15 наурыздың Конституция күні ретінде ұлттық деңгейде атап өтілуі – халықтың тарихи таңдауының маңызын айқындайтын ерекше белгі. Бұл күн енді ел бірлігі мен жаңғырудың, мемлекеттілікті нығайтудың символына айналмақ.

Жаңа Ата заң – Қазақстанның болашақ даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. Ол қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын

 

Жасұлан Алипов,

Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебінің директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT