Әділетті әрі қауіпсіз қоғам құру үшін ең алдымен заңның үстемдігін қамтамасыз ету қажет. «Заң мен тәртіп» қағидаты осы мақсатқа бағытталған маңызды ұстаным деп есептеймін.
Заң алдында барлығының тең болуы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Ал азаматтардың міндеті – заң талаптарын орындау, қоғамдық тәртіпті сақтау және өз әрекетінің қоғамға әсерін түсіну.
Заңға бағыну адамның еркіндігін шектеу емес, керісінше, әр азаматтың құқығын қорғауға мүмкіндік беретін ортақ ереже. Бір адамның тәртіпсіздігі екінші адамның қауіпсіздігіне зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан қоғамда жауапкершілік пен өзара құрмет неғұрлым жоғары болса, өмір сүру ортасы да соғұрлым қауіпсіз болады.
«Заң мен тәртіп» қағидатын күнделікті өмірде ұстану – мемлекетке деген сенімді нығайтудың және әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды қадамы. Тәртіпке әрқайсымыз өзімізден бастау берсек, заң үстемдігі берік орныққан қоғам құра аламыз.


