Экологиялық еріктілік – қоғамды біріктіретін күш

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» бастамасының маңызды қырларының бірі – адамдарды ортақ мақсат жолында біріктіруі. 

Менің ойымша, экологиялық еріктілік жастардың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік және жанашырлық қасиеттерін дамытады. Мысалы, жастардың ағаш отырғызуға, саябақтарды тазартуға, қалдықтарды сұрыптауға және табиғатты қорғау шараларына қатысуы олардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертеді.

Еріктілік тек бір күндік сенбілікпен шектелмеуі керек. Оны тұрақты әдетке айналдыру үшін мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында экологиялық клубтар құруға болады. Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы пайдалы экологиялық бастамаларды тарату да тиімді. Әр адамның кішкентай үлесі бірігіп, үлкен нәтижеге жеткізеді. Сондықтан экологиялық еріктілікті табиғатты қорғау құралы ғана емес, қоғамдағы бірлік пен азаматтық белсенділікті арттыратын маңызды бағыт деп санаймын.

 

Ә.ШАЙДОЛЛАҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT