Қазіргі таңда табиғатты қорғау мәселесі бүкіл қоғам үшін маңызды міндетке айналды. «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының ерекшелігі — адамдарды тазалыққа шақырумен қатар, олардың экологиялық ойлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталуында. Бұл бағытта әсіресе жас ұрпаққа берілетін тәрбиенің маңызы зор. Себебі табиғатты қорғауды бала кезінен үйренген адам оны есейгенде де өмірінің қалыпты қағидасы ретінде қабылдайды.
Меніңше, мектептерде экологиялық тәрбиеге көбірек көңіл бөліп, сенбіліктерді тек тазалық шарасы емес, табиғатты танудың практикалық сабағы ретінде ұйымдастыру қажет. Қалдықтарды сұрыптау, ағаш отырғызу, суды үнемдеу сияқты әдеттер күнделікті өмірге енсе, қоғамның экологиялық жауапкершілігі де артады. Таза қоршаған орта — дені сау ұрпақ пен жарқын болашақтың маңызды негізі.
А.АМИРОВА


