Экологиялық мәдениет – ел дамуының маңызды көрсеткіші

ашық дереккөзден

 

Қоғамның мәдениеті мен өркениеттілігі ең алдымен оның тазалығынан көрінеді. Осы тұрғыдан алғанда, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы халықтың экологиялық санасын қалыптастыруға және туған жерге деген жанашырлықты арттыруға бағытталған маңызды жоба болып табылады. Таза көшелер, күтімі жақсы саябақтар мен жасыл аймақтар – тұрғындардың ұйымшылдығы мен жауапкершілігінің нәтижесі.

Әсіресе жастардың экологиялық іс-шараларға белсенді қатысуы ерекше маңызды. Олар табиғатты қорғаудың үлгісін көрсетіп, өзгелерді де игі іске шақырады. Әрбір отырғызылған көшет, әрбір жиналған қоқыс – елдің көркеюіне қосылған нақты үлес. Егер әр адам тазалықты өзінен бастаса, еліміздің әрбір қаласы мен ауылы көркейіп, өмір сүруге қолайлы орта қалыптасады. Сондықтан тазалық – бір күндік науқан емес, күнделікті өміріміздің мәдениеті болуы тиіс.

 

Ж.СЕМБИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT