Экологиялық мәдениет отбасынан басталады

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасының нәтижелі жүзеге асуы әр адамның экологиялық мәдениетіне байланысты деп есептеймін. Бұл мәдениетті қалыптастыруда отбасы мен мектептің орны ерекше. Бала үлкендердің табиғатқа деген қарым-қатынасын көріп өседі. 

Егер ата-ана қоқысты белгіленген орынға тастап, ағаштарды күтіп, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қараса, бала да осы әдеттерді бойына сіңіреді. Сондықтан тазалық туралы айту жеткіліксіз, оны іс жүзінде көрсету маңызды. Экологиялық тәрбие алған ұрпақ болашақта табиғи байлықтарды бағалай білетін, елінің дамуына жауапкершілікпен қарайтын азамат болып қалыптасады.

 

Г.ӨТЕУ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT