«Таза Қазақстан» тұжырымдамасының нәтижелі болуы әр адамның экологиялық мәдениетіне байланысты. Тазалықты сақтау тек қоғамдық орындарды жинаумен шектелмейді, ол отбасындағы тәрбиеден басталады.
Ата-аналар балаларына суды үнемдеуді, қоқысты арнайы жәшікке тастауды және табиғатқа жанашырлықпен қарауды үйретуі керек. Егер әр отбасы осы қарапайым қағидаларды ұстанса, қоғамда қоршаған ортаға деген жауапкершілік артады. Сондықтан экологиялық тәрбие күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналуы қажет.
Жасмин АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ



