Қазіргі заманда экологиялық мәселелердің көбеюі жас ұрпаққа табиғатты қорғауды үйретудің маңызын арттырып отыр. Менің пікірімше, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі балалар мен жастардың экологиялық жауапкершілігін дамыту болуы тиіс.
Себебі табиғатты аялауды кішкентай кезінен үйренген адам есейгенде де қоршаған ортаға бейжай қарамайды. Мектептерде экологиялық жобалар ұйымдастыру, қалдықтарды сұрыптауды үйрету, ағаш отырғызу және табиғи ресурстарды үнемдеу дағдыларын қалыптастыру пайдалы болар еді.
Сонымен қатар, үлкендердің өз әрекетімен үлгі көрсетуі де маңызды. Егер жастар тазалықтың мәнін түсініп, оны күнделікті өмірде қолданса, болашақта табиғатқа жауапкершілікпен қарайтын қоғам қалыптасады. Демек, экологиялық тәрбие — таза әрі қауіпсіз Қазақстанның негізі.
С.ҚАЙЫР



