Қоғамның тазалығы мен тәртібін тек мемлекет қалыптастыра алмайды. Бұл іске әрбір азаматтың үлесі қажет. «Таза Қазақстан» қағидаты азаматтардың жауапкершілігін арттырып, қоғамда жаңа мәдениет қалыптастыруға бағытталған.
Менің ойымша, туған елге деген патриотизм тек сөзбен емес, нақты іспен көрінуі керек. Өз аулаңды таза ұстау, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау, табиғатты ластамау – Отанға деген құрметтің қарапайым үлгісі. Әсіресе жастардың бұл бастамаға белсенді қатысуы маңызды, өйткені бүгінгі жас – ертеңгі қоғамның негізі. Таза қала, таза ауыл және көрікті Қазақстан құру – барлығымызға ортақ міндет. Егер әр адам «елді кім тазалайды?» деп емес, «мен елім үшін не істей аламын?» деп ойласа, қоғамда үлкен өзгеріс болады.
А.ЖАНТЕМІРҚЫЗЫ


