2026 жылғы конституциялық реформалар – қоғамның жаңаруына бағытталған маңызды қадам. Конституцияның басымдығы – адам құқықтарын қорғау, әділетті қоғам құру және әр азаматтың мүмкіндігін кеңейту.
Білім, ғылым, мәдениет және инновациялар – болашақтың берік негізі. Дамудың басты күші – адами капитал. Сондықтан мемлекет әр адамның білім алып, өз қабілетін жүзеге асыруына жағдай жасауы тиіс.
Цифрлық орта дамыған сайын, интернеттегі құқықтарды қорғау да маңызды бола түседі. Әр азаматтың қауіпсіздігі мен еркіндігі тек офлайн өмірде ғана емес, онлайн кеңістікте де сақталуы қажет.
Конституция – бұл тек заңдар жиынтығы емес, ол қоғамның құндылықтарын, әділеттілік пен теңдікті білдіретін басты бағдар. Болашаққа сеніммен қадам басу үшін біз осы құндылықтарды бірге дамытуымыз керек деп есептеймін.
Ерлан МАХСОТОВ,
Жанбай ауылдық округінің әкімі

