Конституцияда еңбек ету құқығының қорғалуы жастар үшін ерекше маңызды. Жаңа Конституцияның 27-бабында әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы көрсетілген. Бұл норма Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен де тығыз байланысты. Мысалы, жұмыс беруші қызметкерге қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, атқарған жұмысына сәйкес жалақы төлеуге және заңда белгіленген демалыс құқығын сақтауға міндетті.
Қазіргі таңда кейбір жас мамандар жұмыс тәжірибесі болмағандықтан жұмысқа орналасуда қиындықтарға кездеседі. Мемлекет жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларын дамытып қана қоймай, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауын да бақылауы қажет. Өйткені еңбек ету құқығы қағаз жүзінде ғана емес, күнделікті өмірде де жүзеге асуы тиіс.
Ақтоты БАЙМУЛДИНА,
Исатай аудандық Мансап бөлімінің басшысы



