Есірткі – адам өмірі мен денсаулығына ғана емес, отбасы мен қоғамға да орасан зор зиян келтіретін қауіпті дерт. Оның салдары адамның өмірлік мақсаттарынан айырылып, қылмысқа, ауыр сырқаттарға және қайғылы жағдайларға душар болуына себеп болуы мүмкін.
Сондықтан жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, спортпен шұғылдануға, білім алуға және пайдалы істермен айналысуға жағдай жасау маңызды. Әрбір азамат есірткінің зиянын түсініп, оған қарсы күреске өз үлесін қосуы қажет. Есірткісіз қоғам – қауіпсіз елдің, дені сау ұлттың және жарқын болашақтың кепілі.
Ж.ДӘУЛЕТИЯР


