Есірткі - жастардың болашағына төнген қауіп

ашық дереккөзден

 

Есірткі – жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның болашағына қауіп төндіретін мәселе. Нашақорлық адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, оның отбасымен қарым-қатынасына, оқуына, жұмысына және өмірлік мақсатына кері әсер етеді. Сондықтан есірткіге қарсы күрес тек жазалау шараларымен шектелмеуі керек.

Әсіресе жастар арасында түсіндіру және профилактикалық жұмыстардың маңызы зор. Жасөспірімдер бос уақытын спортқа, білімге, өнерге және пайдалы ортаға бағыттаса, зиянды әдеттерден алшақ болады. Мемлекеттік органдар да есірткінің заңсыз айналымы мен тұтынуының алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған шараларды жүзеге асыруда.

Меніңше, әр адам есірткіге «бір рет байқап көру» деген түсініктің өзі қауіпті екенін түсінуі керек. Өйткені бір қате қадам адамның бүкіл өміріне әсер етуі мүмкін. Есірткісіз ұрпақ – елдің қауіпсіз әрі жарқын болашағы.

 

Г.ТУЛЕГЕНОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT