Менің ойымша, есірткі – адамның денсаулығына ғана емес, оның болашағына және қоғамға үлкен қауіп төндіретін зиянды әдет. Әсіресе жастардың есірткіге әуестенуі алаңдатады, себебі бір қате шешім адамның өмірін түбегейлі өзгертуі мүмкін. Қазіргі таңда жастарға әлеуметтік желілер арқылы күмәнді ұсыныстар түсіп, оларды заңсыз әрекеттерге тарту жағдайлары да кездеседі.
Есірткіден сақтанудың ең тиімді жолы – салауатты өмір салтын таңдау, спортпен айналысу, білімге ұмтылу және бос уақытты пайдалы өткізу. Сонымен қатар әр адам есірткінің зияны туралы біліп, күмәнді ұсыныстардан аулақ болуы керек. Жастарға дұрыс бағыт беріп, олардың қауіпсіздігіне қоғам болып жауапкершілікпен қарау маңызды.
Сондықтан мен «Есірткіге жол жоқ!» деген ұстанымды қолдаймын. Әрбір жас өз денсаулығы мен болашағын бағалап, есірткіден аулақ болуы керек. Есірткісіз ұрпақ – дені сау, білімді және мықты мемлекеттің кепілі.
Ж.РАХЫМҒАЛИҰЛЫ


