Есірткісіз ұрпақ – жарқын болашақ кепілі

сурет: ашық дереккөзден

 

Есірткі – адамның денсаулығына ғана емес, оның болашағына, отбасына және тұтас қоғамға қауіп төндіретін үлкен мәселе. Әсіресе жастардың есірткіге қызығушылығын оятатын жалған ақпарат пен әлеуметтік желідегі жасырын жарнамалардың алдын алу маңызды. Себебі бір қате шешім адамның бүкіл өміріне әсер етуі мүмкін.

Менің ойымша, есірткімен күрес тек жазалау шараларымен шектелмеуі керек. Жастарға спортпен айналысуға, білім алуға, шығармашылықпен шұғылдануға және пайдалы орта қалыптастыруға мүмкіндік жасау қажет. Сонымен қатар есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу маңызды. Салауатты өмір салтын таңдаған әр жас – елдің жарқын болашағына қосылған үлес. Есірткісіз қоғам құру – баршамызға ортақ міндет.

 

Б.ЖУМАЖАНОВ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT