Интернет алаяқтық — экранның ар жағындағы қауіп

 

Қазіргі заманда интернет күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда оның мүмкіндіктерімен бірге түрлі қауіптер де көбейді. Соның бірі — интернет алаяқтық. Алаяқтар жалған хабарлама жіберіп, өзін банк қызметкері немесе басқа ұйымның өкілі ретінде таныстырып, адамның жеке деректері мен ақшасын алуға тырысады.

Интернеттегі қауіптен қорғанудың ең тиімді жолы — қырағылық. Бейтаныс сілтемелерді ашпау, құпия сөздер мен банк картасының мәліметтерін ешкімге бермеу, күмәнді ұсыныстарға сенбеу қажет. «Тез ақша табасыз» немесе «сыйлық ұтып алдыңыз» деген хабарламаларға асығыс әрекет етпей, ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексерген дұрыс.

Интернеттегі қауіпсіздік әр адамның өз жауапкершілігінен басталады. Бір сәттік сенім үлкен шығынға әкелуі мүмкін, сондықтан интернетте сақтық — басты қорғанымыз.

 

С.ҚАЙЫР

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT