Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің басты қауіптерінің бірі

ашық дереккөзден

 

Бүгінде интернет адамдардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда цифрлық технологиялардың дамуы интернет алаяқтықтың көбеюіне де себеп болды. Алаяқтар жалған сайттар, әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен телефон қоңыраулары арқылы азаматтардың жеке мәліметтерін алып, қаржысын заңсыз иемденуге тырысады.

Интернет алаяқтарының құрбаны болмас үшін әр адам киберқауіпсіздік ережелерін сақтауы қажет. Банк картасының мәліметтерін, SMS арқылы келген кодтарды немесе құпиясөздерді ешкімге бермеу, белгісіз сілтемелерге өтпеу және тек ресми сайттарды пайдалану өте маңызды. Күмәнді хабарламалар мен «жеңіл табыс» ұсынатын жарнамаларға сақтықпен қараған жөн.

Интернетті қауіпсіз пайдалану – заман талабы. Цифрлық сауаттылықты арттыру арқылы ғана алаяқтықтың алдын алып, өз қаражатымыз бен жеке ақпараттарымызды қорғай аламыз. Сондықтан әр азамат сақтық танытып, ақпараттық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауы тиіс.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT