Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті мәселесі

ашық дереккөзден

 

Қазіргі заманғы технологиялардың қарқынды дамуы адамдардың өмірін жеңілдеткенімен, интернет алаяқтық сияқты жаңа қауіптердің пайда болуына себеп болды. Интернет алаяқтары жалған хабарламалар, жалған сайттар немесе телефон қоңыраулары арқылы азаматтардың жеке деректерін және ақшасын иемденуге тырысады.

Көп жағдайда адамдар жеңіл табысқа немесе тиімді ұсыныстарға сеніп қалып, алаяқтардың құрбанына айналады. Сондықтан интернетті пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау өте маңызды. Белгісіз сілтемелерге өтпеу, жеке мәліметтерді бөтен адамдарға бермеу және ақпараттың шынайылығын тексеру қажет.

Сонымен қатар, цифрлық сауаттылықты арттыру арқылы мұндай қылмыстардың алдын алуға болады. Менің ойымша, интернет алаяқтықпен күресудің ең тиімді жолы – әр адамның ақпараттық қауіпсіздік ережелерін білуі және интернет кеңістігінде жауапкершілікпен әрекет етуі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT