Интернет алаяқтық – заманауи қоғамның мәселесі

ашық дереккөзден

 

Қазіргі таңда интернет өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда технологияның дамуы адамдарға жаңа мүмкіндіктермен қатар, түрлі қауіптер де әкелді. Соның бірі – интернет алаяқтық. Алаяқтар жалған хабарлама жіберу, әлеуметтік желідегі жалған парақшалар арқылы адамдардың сеніміне кіру немесе банк картасының мәліметтерін алдау жолымен иемдену сияқты тәсілдерді қолданады.

Менің ойымша, мұндай жағдайлардың алдын алудың ең тиімді жолы – халықтың цифрлық және құқықтық сауаттылығын арттыру. Бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді, банк картасының нөмірін және құпия кодтарды бермеу қажет. Күмәнді сілтемелерге өтпей, ақпараттың шынайылығын тексеру де маңызды.

Интернеттегі қауіпсіздікке әр адам жауапкершілікпен қарауы керек. Заңды білу және сақтық таныту арқылы өзімізді ғана емес, жақындарымызды да алаяқтардың әрекетінен қорғай аламыз. Сондықтан интернетті қауіпсіз пайдалану – қазіргі қоғамдағы заң мен тәртіпті сақтаудың маңызды бір бөлігі.

 

Кенжеғали ҚАБДЕНОВ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT