Интернет алаяқтықтан сақ болайық

ашық дереккөзден

 

Интернет алаяқтық – қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Алаяқтар адамдарды алдап, жеке мәліметтерін, банк картасының нөмірін немесе ақшасын иемденуге тырысады. Сондықтан интернетті қолданғанда өте сақ болған жөн. 

Бейтаныс адамдардың күмәнді сілтемелеріне кірмей, құпия сөздер мен банк деректерін ешкімге бермеу керек. Әр ақпаратты тексеріп, күмәнді жағдайға тап болған кезде тиісті органдарға хабарласу маңызды. Интернеттегі қауіпсіздік – әр адамның өз жауапкершілігінен басталады.

 

Г.ТУЛЕГЕНОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT