Қазіргі кезде интернет алаяқтықтың түрлері күн сайын өзгеріп келеді. Алаяқтар жалған дүкен, ұтыс, жұмыс немесе банк қызметкері ретінде хабарласу арқылы адамның сеніміне кіреді.
Сондықтан интернетте сауатты болу – қазіргі заманның маңызды дағдысы. Бейтаныс сілтемеге өтпеу, банк картасының деректерін, құпия сөзді және SMS-кодты ешкімге бермеу – қарапайым болғанымен, өте маңызды ережелер. Ресми органдар да жеке және банктік мәліметтерді бөгде адамдарға бермеуге шақырады.
Меніңше, интернетте «маған ондай болмайды» деген сенім ең қауіпті қателік. Кез келген адам алаяқтың құрбаны болуы мүмкін, сондықтан әр ақпаратты тексеріп, асығыс шешім қабылдамау – өз қауіпсіздігіңді қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі.
М.ҮМБЕТОВ


