Бүгінде интернет өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда технологияның мүмкіндігі артқан сайын интернет-алаяқтық сияқты қауіптер де көбейіп келеді. Алаяқтар өздерін банк қызметкері, мемлекеттік органның маманы немесе таныс адам ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіруге тырысады. Сондықтан интернетте кез келген ақпаратқа бірден сене салмай, оны тексеру – өте маңызды әдет.
Әсіресе банк картасының деректерін, құпия сөздерді және SMS арқылы келген кодтарды бөтен адамдарға бермеу қажет. Күмәнді сілтемелерге өтпеу және асығыс ақша аудармау да қауіптің алдын алады. Меніңше, интернеттегі ең мықты қорғаныс – адамның қырағылығы мен цифрлық сауаттылығы. Әр азамат сақтық танытса, алаяқтарға алдану қаупі де азаяды.
А.АМИРОВА


