Менің ойымша, ішімдікті шамадан тыс қолдану адамның өзіне ғана емес, оның отбасына және айналасындағы адамдарға да кері әсер етуі мүмкін. Алкоголь адамның мінез-құлқына әсер етіп, жауапсыз әрекеттерге, отбасындағы түсініспеушілікке және тұрмыстық жанжалдарға себеп болуы ықтимал.
Сондықтан ішімдікке байланысты мәселелердің алдын алуда ең алдымен жауапкершілік пен салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызы зор. Әр адам өз денсаулығына, отбасына және қоғам алдындағы жауапкершілігіне мән бергені дұрыс.
Бос уақытты спортпен, шығармашылықпен немесе пайдалы істермен өткізу адамның өмір салтын жақсартуға көмектеседі. Салауатты әрі жауапты қоғам құру үшін ішімдіктің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу қажет.
Ж.САТЫБАЛДЫҚЫЗЫ



