Бүгінгі қоғамда ұлт саулығы мен жас ұрпақтың болашағына қатысты бастамалар – ең өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі. Әсіресе ауылдық жерлерде салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерден арылу жолында нақты қадамдарға бару – уақыт талабы. Осы мақсатта Меркі ауданында қолға алынған «Ішімдіксіз ауыл» жобасы халық арасында қолдау тауып, кезең-кезеңімен іске асырылып келеді.
«Ішімдіксіз ауыл» жедел-профилактикалык іс-шарасы шеңберінде кәмелетке толмагандардың тәрбиесіне жене мінез-құлқына теріс әсер ететін, профилактикалык есепте тұрған ата-аналар мен колайсыз отбасылар тексеріліп,
олармен құқық, бұзушылыктардың алдын алу бағытындаа түсіндіру-профилактикалык жұмыстар жургізілді.
Қоғамның тазалығы – адамның ішкі мәдениетінен басталады. Ал ауыл – қазақ қоғамының алтын діңгегі. Ішімдіксіз ауыл салауатты, өрелі ортаның қалыптасуына жол ашады. Сол себепті аудандық жұмысшы топ алдағы уақытта өзге ауылдық округтерде де кездесу өткізуді жалғастырады.
Ақжол Қожабаев
Исатай Аудандық полиция бөлімі Қоғамдық Қауіпсіздік бөлімшесі
ювеналды полиция тобыныңкәмелетке толмағандар істері
жөніндегі учаскелікполиция инспекторы полиция лейтенанты


