Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мәселесі. Отбасы адам өзін қауіпсіз әрі еркін сезінетін орта болуы тиіс. Біреуді қорқыту, кемсіту немесе күш қолдану ешқашан қалыпты жағдай ретінде қабылданбауы керек.
Менің ойымша, зорлық-зомбылыққа көз жұма қарамай, оны дер кезінде тоқтатуға ұмтылу қажет. Қоғамда өзара құрмет пен түсіністік қалыптасқанда ғана әр отбасы үшін қауіпсіз орта құра аламыз.
Е.ЗИНЕДЕНОВ



