«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы – еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастама. Тазалық сақтау тек мемлекеттік мекемелердің немесе арнайы қызметтердің міндеті емес, ол әрбір азаматтың жауапкершілігі болуы керек.
Әр адам өз ауласын таза ұстап, қоқысты арнайы орындарға тастап, табиғатқа жанашырлықпен қараса, еліміздің көркеюіне үлкен үлес қосады. Таза орта – дені сау ұрпақ пен жарқын болашақтың кепілі.
Б.БАҚТЫҒАЛИҰЛЫ



