Қалдықтарды қайта өңдеу — болашаққа жасалған инвестиция

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында қалдықтарды қайта өңдеу мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Қазіргі уақытта пластик, қағаз және басқа да тұрмыстық қалдықтар қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіреді. Бұл мәселені шешу үшін әр қала мен ауылда қалдықтарды сұрыптауға арналған арнайы жәшіктер көбейтілуі керек. 

Сонымен қатар, қайта өңдеудің маңызын түсіндіретін ақпараттық жұмыстар жүргізілгені дұрыс. Қоқысты азайту және оны тиімді пайдалану табиғи ресурстарды сақтауға мүмкіндік береді. Бүгінгі экологиялық жауапкершілік — келешек ұрпақтың жарқын болашағына қосылған үлес.

 

С.ЖАҚЫПҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT