«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында
Исатай ауданы Тұщықұдық ауылының учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Ж.Оңғаров, Аққыстау ауылының учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты А.Қадіржанов пен ОТЗЗҚК тобының инспекторы полиция капитаны Д.Төлегенова бекітілген аумақта рейдтік жұмыстар жүргізіп, тұрғын үйлерді аралады.
Іс-шара барысында азаматтармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
🔹 Әрбір отбасының қауіпсіздігі – басты назарда!
🔹 Құқық бұзушылықтың алдын алу – баршамызға ортақ міндет!
📞 Сенім телефондары: 102 – Полиция бөлімі
111 – Ұлттық сенім телефоны


