Тұрмыстық зорлық-зомбылық – тек бір отбасының мәселесі емес, ол бүкіл қоғамға әсер ететін күрделі әлеуметтік мәселе. Отбасында күш көрсету, психологиялық қысым немесе қорқыту адамдардың денсаулығына, өміріне және балалардың тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан мұндай әрекеттерге мүлде төзбеушілік танытып, олардың алдын алу – қоғамның маңызды міндеті.
Зорлық-зомбылықтың кез келген түрі адамның қадір-қасиетін аяққа таптайды. Осындай жағдайға тап болған адамдар уақытында көмек сұраудан қорықпауы керек. Ал қоғам мұндай жағдайларды жасырмай, заң аясында шешуге қолдау көрсетуі қажет. Мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының және қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысы бұл мәселенің алдын алуда үлкен рөл атқарады.
Берекелі отбасы – мықты мемлекеттің негізі. Отбасындағы сыйластық, өзара түсіністік және құрмет қана қоғамның тұрақты дамуына ықпал етеді. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес – әр азаматтың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған маңызды іс.
Ж.СЕМБИЕВА


