Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының жаңа белесі

 

Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің маңызын айқындайтын жоғары деңгейдегі сапарлар – мемлекетаралық байланыстың нақты көрінісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайында арнайы қарсы алуы – қазақ дипломатиясындағы дәстүрлі сыйластық пен мемлекетаралық қарым-қатынастың жоғары деңгейін аңғартты.

Әсіресе, Ресей Президентінің ұшағын Қазақстан Республикасының Әуе қорғанысы күштеріне қарасты әскери ұшақтардың шекарадан бастап Астана әуежайына дейін қапталдай ұшып алып жүруі – ерекше құрметтің белгісі. Бұл тек хаттамалық рәсім ғана емес, екі ел арасындағы сенім мен қауіпсіздік саласындағы өзара ынтымақтастықтың символы ретінде қабылданды.

Әуежайдағы Құрмет қарауылы ротасының сап түзеуі, қолдарына Қазақстан мен Ресей туларын ұстаған балалардың, Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының барабаншыларының қошемет көрсетуі салтанатты шараның мазмұнын одан әрі айшықтай түсті. Мұндай көріністер халықтар арасындағы достық пен тарихи байланыстардың сабақтастығын білдіреді.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей туларын желбіреткен тікұшақтардың әуеде қалықтап өтуі – елдер арасындағы ынтымақтастықтың көркем әрі әсерлі көрінісі болды. Бұл сапар екі мемлекет арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететіні анық.

Қазіргі геосаяси жағдайда көрші мемлекеттердің өзара түсіністік пен тұрақты диалогты сақтауы аса маңызды. Қазақстан бейбітшілік пен көпвекторлы саясат ұстанымын жалғастыра отырып, халықаралық әріптестікке ерекше мән беретінін тағы бір мәрте көрсетті.

 

Ерболат НАСИМУЛЛИН,

Исатай аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT