Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған жаңа бастамалар

 

Президенттің Шетелдік инвесторлар кеңесіндегі мәлімдемесі Қазақстанның инвестициялық саясатындағы жүйелі әрі ұзақмерзімді бағытты айқын көрсетеді. Ел экономикасының өсімі, шетелдік инвестиция көлемінің артуы және жалпы макроэкономикалық тұрақтылық – жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесін байқатады. Сонымен қатар институционалдық өзгерістер, соның ішінде Конституциялық жаңғырту, инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланады.

Бизнес жүргізуді жеңілдету мақсатында енгізіліп жатқан «бір терезе» қағидаты, ұлттық цифрлық инвестициялық платформа және инвестициялық штаб жұмысы әкімшілік кедергілерді азайтып, шешім қабылдау үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді. Ал Altyn visa сияқты бастамалар шетелдік кәсіпкерлер мен мамандар үшін қосымша тартымды жағдай қалыптастырады.

Дегенмен, аталған реформалардың нақты тиімділігі олардың практикалық іске асу сапасына, құқықтық тетіктердің тұрақтылығына және мемлекеттік органдардың ашықтығына тікелей байланысты болмақ. Жалпы алғанда, бұл бастамалар Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған оң және перспективалы қадамдар ретінде бағаланады.

 

Ерболат НАСИМУЛЛИН,

Исатай аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT