Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қоғам болып бірлесіп әрекет етуіміз қажет деп ойлаймын. Әсіресе, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызы зор.
Мектепте, отбасында және қоғамдық ортада тәртіп сақтау, өзгенің құқығын құрметтеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек. Әр адам өз әрекетінің салдарын түсінсе, көптеген келеңсіз жағдайлардың алдын алуға болады.
Заң мен тәртіпті сақтау арқылы біз қауіпсіз әрі бейбіт қоғам қалыптастырамыз.
Г.ӨТЕМІС



